Екі жүргізуші де тіл тартпай кетті. Алматы облысында ауыр жол апаты орын алды

instagram/taldykorganec.insta
Toyota Carina көлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Үштөбе ауруханасына жеткізілді.

Алматы облысында кісі өліміне әкеліп соқтырған ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат 12 қыркүйек күні сағат 19:15-те "Талдықорған-Үштөбе" жолының 41-ші шақырымында орын алды. Toyota Carina мен Audi 80 автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері де алған жарақаттарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Toyota Carina көлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Үштөбе ауруханасына жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның барысында оқиғаның барлық себептері мен мән -жайы анықталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз