Қазақстанда есірткіні жарнамалаған 800-ден астам сайт бұғатталды

pixabay.com
Биылғы жылдың сегіз айында сотқа дейінгі 127 іс тіркелді, оның ішінде 58 жарнама бойынша және 69 интернет арқылы сату бойынша.

2021 жылдың сегіз айында Қазақстанда есірткі сату бойынша 800-ден астам сайт бұғатталды, деп мәлімдеді брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов, - деп хабарлайды zakon.kz тілшісі. .

Биылғы жылдың сегіз айында сотқа дейінгі 127 іс тіркелді, оның ішінде 58 жарнама бойынша және 69 интернет арқылы сату бойынша. Есірткіні жарнамалаған 810 сайт бұғатталды, - деді Әмірханов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың басынан бері 129 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. 11 дәрілік зертхана жойылды.

Шілдеде, мысалы, Ақтөбе облысында 28 жастағы есірткі сатушы ұйымдастырған зертхананың көзі жойылды. Мәртөк ауданының ұсталған тұрғыны есірткі, психотроптық заттар мен олардың баламасын аса ірі көлемде заңсыз дайындаумен айналысқан, - дейді ол.

ҚР ІІМ мәліметінше, ұсталған азаматтың үйінде тінту кезінде салмағы 47 грамнан асатын психотроптық зат салынған пластик пакет алынды.

Сараптама нәтижесі бойынша, мефедрон субстанциясы психотропты эфедрон затының баламасы екені анықталды. Одан кейін полиция қызметкерлері заңсыз зертханасының өзі орналасқан сарайды тапты. Тінту кезінде салмағы 10 келідей психотроптық зат, электронды таразы, канистрлер, колбалар және тағы басқа заттар алынды. Ұсталған ұнтақ заттың жалпы салмағы 67 келіден асады, - деді Әмірханов.

Айша Төлеубекова, Кәмшат Сатиева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі