Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

zakon.kz
Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

12 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында SAZLE 60 маркалы автобусты тізгіндеген жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Мәметова көшесімен қиылыста Қонаев көшесін шығыс бағытта (бағдаршам бар жерде) қиып өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, - деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты