Дүние салған әйел бір сағаттан кейін тіріліп кетті

pixabay.com
Сегізінші немересін асыға күтіп отырған ол дәлізде құлайды. Сөйтсе әйел инфаркт алған болып шықты. Бірден оны жан сақтау бөліміне жатқызды, әйелдің жүрегі тоқтап, 45 минут бойы тіршілік белгісін бермеген.

АҚШ-тың Мэриленд штатында таңғажайып оқиға орын алды. О дүниелік болған Кэти Паттен 45 минуттан соң әрі сегізінші немересі дүниеге келер алдында тіріліп кетті, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Кейуананың клиникалық өлім жағдайында болғаны баса айтылады.

Қызы Фифер босану үшін перзентханаға түседі. Әйел де асыға-үсіге оның артынан жетеді. Бірақ сегізінші немересін асыға күтіп отырған ол дәлізде құлайды. Сөйтсе әйел инфаркт алған болып шықты. Бірден оны жан сақтау бөліміне жатқызды, әйелдің жүрегі тоқтап, 45 минут бойы тіршілік белгісін бермеген, деп хабарлайды CBS Балтимор телеарнасы. Бұл кезде Фифер кесарево отасына дайындалып қойған еді. Сегізінші рет әже болуы тиіс әйел осы ота алдында есін жиып, өмірге қайта оралды. Қайта тірілген науқас перзентханаға келіп, көп ұзамай Алора есімді жаңа туған немересін құшағына алды.

Құдайға шүкір, ол маған екінші мүмкіндік берді. Енді мен мүмкіндігінше жақсы адам боламын, - деді кейуана.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі