Павлодарда джинсы киген оқушыға ескерту жасаған директорға сөгіс жарияланды

Pikist
Оқушының ата-анасының оқу орнына қарсы шағымы жоқ. Қыздың жағдайы жақсы.

Павлодар облыстық білім басқармасының оқушыға ескерту жасаған мектеп директорына қатысты қандай шара қолданылғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, осы жағдай болғаннан кейін мектеп директоры сөгіс алды.

Оқушының ата-анасының оқу орнына қарсы шағымы жоқ. Қыздың жағдайы жақсы. Болған жағдайдан кейін барлығын түсінді, яғни мектепке сай киім кию керек екені туралы ой түйді, - деді құзырлы ведомство.

Айта кетсек, желі қолданушысы Қанат Қазбек Facebooк әлеуметтік желісінде мектеп директорының футболка мен джинсы киіп келгені үшін оқушыға жұрттың алдында ескерту жасағаны туралы жазған болатын.

Әлеуметтік желідегі жазбаға мектеп директоры да түсініктеме берді. Оның айтуынша, ол басқа оқушылардың классикалық формасын мысал ретінде көрсеткісі келген.

Қалалық білім бөлімі қызметтік тергеу басталғанын және мұндай жағдайлар қайталанбас үшін мектеп директорларымен әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

Оқу жылы басталар алдында облыстық білім басқармасының басшысы оқушылардың сабаққа классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келе алатынын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев