Пермьде қанды қырғын жасаған Тимур Бекмансұров жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Telegramдағы Baza арнасының хабарлауынша, күтпеген жағдайда кенеттен халі ауырлап кетпесе, былай оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.
Тимур әлі есін жимаған, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, - деп түсіндірді дәрігерлер.
Дәрігерлердің айтуынша, Бекмансұровтың жағдайы жақын күндері өзгере қоюы екіталай.
Оған қауіп төндіретін жалғыз фактор бар: бірнеше ауыр жарақаттарына байланысты бүйректің істен шығу ықтималдылығы. Жағдайы тұрақсыз, өте ауыр, - деп атап өтті олар.
Бұған дейін бозбаланың аяғы кесілгені белгілі болды.
Науқастың сол аяғы тізесіне дейін кесілген, - деп хабарлайды ауруханадан.
Айта кету керек, Пермь университетіндегі атыстан кейін құрбандар саны 43 адамға дейін өсті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Қазіргі таңда 43 құрбаны бар. Оның ішінде 12 адам Пермь қаласындағы үш ауруханада жатыр. Ішіндегі жағдайы өте ауыры - оқ атушының өзі. Қалған 11 адамның барлығының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, - деді денсаулық сақтау министрі Анастасия Крутен.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 20 қыркүйекте болған. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің бірінші курс студенті Тимур Бекмансұров аңшы мылтығымен қаруланып, университет аумағына кіріп, атыс бастады.
Ол алты адамды өлтірді. Жас жігітті жол полициясы қызметкері ұстап, залалсыздандырды. Қылмыстық іс қозғалды.