Ақтөбе облысында жан түршігерлік жол апаты орын алды

Ақтөбе облыстық ПД
Салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облысында жан түршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

22 қыркүйекте, сағат 15: 30-да Шұбарқұдық ауылынан Байғанинға қарай жүйткіп келе жатқан Lada Granta автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі (Байғанин ауданының тұрғыны) жолдың қарсы бетіне шығып, тізгінінде 30 жастағы жүргізуші болған МАЗ-712 автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі, "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтырған жол ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз