Ыстамбұлға ұшып шыққан ұшақ Атырауға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana
Техникалық себептерге байланысты ұшақ командирі Атырау әуежайына қону туралы шешім қабылдады, делінеді ресми хабарламада.

Air Astana ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға ұшып шыққан.

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл бағытында KC917 рейсін орындаған Air Astana Boeing 767 ұшағы Нұр-Сұлтан уақытымен 19: 11-де әуежайдан ұшып шықты. Техникалық себептерге байланысты ұшақ командирі Атырауға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде сағат 22: 20-да қонды. Қазіргі уақытта ұшақ тексеріліп жатыр. Жолаушылар қонақүйге орналастырылады және оларды бүгін жергілікті уақыт бойынша 14: 00 -де (Нұр -Сұлтан уақыты бойынша 15:00 - ред.) Airbus A321 резервтік бортына мінгізеді, деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз