Нұр-Сұлтанда жол апатынан бес адам қаза тапты

zakon.kz
Қайғылы оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болды.

Нұр-Сұлтанда жол-көлік апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болды.

Түнгі сағат 00:34-те Toyota Camry көлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінің үстіндегі көпірмен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып жылдамдықты асырған. Соның салдарынан көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 28 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Nexia Ravon көлігімен соғысты, деп хабарлады астаналық ПД.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 адам қайтыс болды, 1 адам жарақат алды.

Екі жүргізуші де, үш жолаушы да оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген департаментің ақпаратында.

Фото: Astanovka98

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы