Қарағанды облысында мас бақташы ауылдасын өлтірді

видеодан кадр
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мас бақташы ауылдасын өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Қарқаралы ауданында Қ.Аманжолов ауылынан 3 шақырым жерде даладан денесінде оқ жарақаттары бар 50 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

– Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысы бар деген күдікпен "ізін суытпай" 35 жастағы ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Осыған байланысты жәбірленуші оған ескерту жасаған. Осының салдарынан екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, соңында ұсталған азамат қарумен жәбірленушіні атып тастаған, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қылмыс қаруы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты