Шымкентте мейрамханадағы кісі өлімі - күдікті ұсталды

pixabay.com
Бұрын хабарланғандай, 10 тамызда Шымкентте "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болып, салдарынан ондағылардың бірі қаза тапты, екіншісі жараланып, ауруханаға түскен еді.

Шымкентте Гранд-Прага мейрамханасында атыс қаруын қолданып, кісі өлтірген күдікті ұсталды, деп мәлімдеді арнайы брифингте ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз, деп хабарлайды zakon.kz.

ІІМ "Іздеу" операциясын жүргізіп, оның барысында іздеуде жүрген 343 қылмыскер анықталды. Оның ішінде кісі өлтіргені және ауыр дене жарақатын салу бойынша іздеудегі жетеу, қарақшылық бойынша екеу, тонау бойынша үш адам бар, - деді Ораз.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның сыртында, оның ішінде ТМД елдерінде қазақстандық полицейлер іздеуде жүрген 33 азаматты анықтап, ұстады.

Брифингте Павлодар облысының полицейлері 2001 жылдың шілдесінен бері кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адамның Пермь қаласында ұсталғаны айтылды.

Челябинскіде Қостанай облыстық ПД-ның 2013 жылдан бері қылмыстық қоғамдастық құрғаны және оған басшылық еткені үшін және Шығыс Қазақстан облысының полициясы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені үшін іздеуде болған адам ұсталды.

Шымкентте "Гранд -Прага" мейрамханасында атыс қаруын қолданып, кісі өлтірген күдікті ұсталды. Қазақстан полициясы Бурятия аумағында адам ұрлау мен бопсалау фактісі бойынша 2014 жылдан бері іздеуде жүрген адамды Талдықорғанда ұстады. Мәскеуде іздеу тапсырмасы бойынша қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ ірі көлемдегі алаяқтығы үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп атап өтті Нұрділдә Ораз.

Бұрын хабарланғандай, 10 тамызда Шымкентте "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болып, салдарынан ондағылардың бірі қаза тапты, екіншісі жараланып, ауруханаға түсті.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, "Кісі өлтіру" және ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, "Қару-жарақты заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау" бойынша тергеу басталды.

Кейін ҚР ІІМ ресми сайтында 12 тамызда Алматыда үш күдікті ұсталғаны хабарланды. Барлығы Шымкент қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Олар өз айыбын мойындап, түсінік берді.

Айша Төлеубекова, Кәмшат Сатиева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты