Атырау облысында жаңа туған сәбиді көшедегі дәретханаға тастай салған

pixabay.com
Баланың анасы 31 жастағы Индер ауданының тұрғыны болып шықты.

Атырау облысында жаңа туған сәбиді дәретханаға тастай салған. Нәресте аман қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Масқара жайт 3 қазанда Индер ауданында орын алды. "Мой ГОРОД" хабарлағандай, баланы көшедегі дәретханаға 31 жастағы әйел тастаған.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа туған нәресте Индер аудандық ауруханасының босану бөліміне орналастырылды.

Бала гипотермиямен ауруханаға түсті, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. 31 жастағы көкек ана сол ауданның тұрғыны болып шықты, ол облыстық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды, - дейді дәрігерлер.

Бұл фактіге сәйкес, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз