Адам саудасына байланысты тіркелетін қылмыстық істер саны өсу үстінде

pixabay.com
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қазірдің өзінде 78 іс сотқа жіберілгенін айтты.

Жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына байланысты 200 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қазірдің өзінде 78 іс сотқа жіберілгенін, ал қалғаны бойынша тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Қазірдің өзінде 26 адам сотталып, үкім шығарылды.

Бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу көзделген, - деп жауап берді ОҚК-да өткен брифингіде департамент басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстан адам саудасының құрбандарының импорты, экспорты мен транзиті болғандықтан, сот шешімі шыққанға дейін шетелдіктердің республикамызда болу мерзімі заңды түрде ұзартылады.

Сондай-ақ, бұл адамдар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Еңбек немесе жыныстық қанауға ұшыраған мигранттар үшін бұл қолайлы жағдай тудырады, - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады