Бір жасар бүлдіршін көз жұмған жол апатына себепкер тәртіп сақшысы ұсталды

pixabay.com
Сақшы дін аман. Ал екінші көліктің жүргізушісі дәрігерлердің бақылауына алынды. Оның қасында болған әйелінің жағдайы ауыр. 27 жастағы келіншек ауыр ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Қарағандыда бір жасар баланың өліміне себепкер болған полиция қызметкері қамауға алынды. Тәртіп сақшысы жекеменшік автокөлігімен бағдаршамның сары түсіне өтіп, отбасымен келе жатқан көлікті соққан. Жол апатынан бүлдіршін қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Астана телеарнасы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, бұл оқиға түнде көше қиылысында болғанын хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, 37 жастағы тәртіп сақшысы өзінің "Мерседес" көлігімен жұмыстан үйіне қайтып бара жатып, жолда 29 жастағы азамат тізгіндеген "ВАЗ" автокөлігін соққан. Сақшы дін аман. Ал екінші көліктің жүргізушісі дәрігерлердің бақылауына алынды. Оның қасында болған әйелінің жағдайы ауыр. 27 жастағы келіншек ауыр ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Оның өкпесі қысылып бірнеше жері сынған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейдің үстінен "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

37 жастағы "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды