Төтеншеліктер астаналықтарға ескерту жасады

zakon.kz
]Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйене отырып, 23 қазанда оңтүстік-батыстан екпіні 17-22 м/с жел күтілетіні туралы хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйене отырып, 23 қазанда оңтүстік-батыстан екпіні 17-22 м/с жел күтілетіні туралы хабарлайды. Дауыл кезінде, ең алдымен, тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының дұрыстығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құрал-саймандарды дайындау қажет. Пәтердегі электржелісі кернеуінің өзгеруінде барлық тұрмыстық электр құралдарын дереу тоқтан ажыратып, электр кенеттен қосылғанда өрт болмайтындай сұққыштан тоқты суырып алыңыз. Сондай-ақ жеке көлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыс алаңдарынан алшақ қоюға, пәтеріңіздің немесе үйіңіздің терезесін тығыз жабуға ұсыныс береміз, делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды