ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері қару сақталған жасырын қойма тапты

ШҚО ҚАЖ Департаменті
Тәркіленген заттар 37 жастағы Семей қаласының тұрғынына​ тиесілі екені анықталды.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қару жарақ жасырынған жерді анықтап, Семей қаласының полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел жұмыс жүргізді. Жұмыс жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха тас жолында Макаров қаруы жасырылған қойма табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Семей-Ресей шекарасы" автокөлік тас жолының 2 шақырымында орналасқан аумақты тексеру барысында 9 мм Макарова тапаншасы мен 7 дана оқ табылды. Сонымен қатар, кейстен гранатаға ұқсайтын 1 дана көлемінде металл зат шығарылды.

Тәркіленген заттардың барлығы 37 жастағы Семей қаласының тұрғынына тиесілі екені анықталды.

"Семей қаласының ДП қызметкерлерімен бірлесе отырып, үйлесімді жедел жұмыс жүргізілді. Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында нәтижелі әрі уақытылы жұмыс атқарылды", – деді жедел бөлім бастығының орынбасары Жеңіс Дәуренбеков.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша) қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді