Талғарда көлікпен адам қағып, қашып кеткен күдікті экс-полицей болып шықты

Zakon.kz
Күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды.

25 қазанда Талғарда жол-көлік оқиғасы орын алды, жүргізуші асфальт жиегінен өтіп бара жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегілер адам қаққан "полиция қызметкері" деп жазды.

Zakon.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Облыстық полиция департаментіне хабарласты.

Жол-көлік оқиғасы болған кезде күдікті полицияда жұмыс істемеген, өйткені ол одан бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен, – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство "қазіргі уақытта аталған ЖКО-ның барлық мән-жайларын объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде" деп сендірді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол апаты 25 қазанда сағат 20:30-да Талғарда орын алған. Менделеев көшесімен батыс бағытта келе жатқан 26 жастағы жүргізуші 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу және зардап шегушіні оқиға орнына қалдыру) бойынша Талғар ауданының полициясында тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды