Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберді

Zakon.kz
Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіден белгілі болды.

Қызды өлтірді. Алдымен буындырып, содан кейін өртеп жіберді. Біз учаскелік инспекторларға жалға берілетін притон-пәтерлерде болып жататын небір сұмдықтар жайында талай айттық. Бірақ тұрғындардың жанайқайын ешкім елемейді. Қазір учаскелік полицейлер бұл жезөкше болғанын айтады, – дейді @zhaloby.almaty парақшасының авторы.

Сонымен қатар, полиция аталған факті ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Медеу аудандық ПБ іс жүргізуінде жатқанын нақтылады.

Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде, - деп мәлімдеді ведомствода.

Жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп толықтырды ДП.

"Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда", деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Бақытжан Отарбаева

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты