Павлодар облысында жүргізуші тас жолда ер адамды қағып кетті

Zakon.kz
Автокөлік айып тұрағына тоғытылды. Тексеру жүргізіледі.

Павлодар облысында Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі тас жолда ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 қарашада сағат 03:15-те Павлодар–Омбы–Майқапшағай автожолының 389 шақырымында, Мичурин ауылының маңында 59 жастағы Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі 1991 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері ер адамның белгіленбеген жерде жолдан өтпек болғанын атап өтті.

Автокөлік айып тұрағына тоғытылды. Тексеру жүргізіледі.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы