Бір алаяқ "қожасымын" деп алдап, сервис орталықтан бөтеннің көлігін айдап кеткен

zakon.kz/ Павел Михеев
Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.

8 қарашада Қарағанды ​​қаласы ПБ Киров аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны арызданды. Ол белгісіз біреудің көлігін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автокөлік сервис орталыққа жөндеуде тапсырылған. Куәгерлердің айтуынша, қожайыны екенін айтқан бір азамат, рөлге отырып, көлікті айдап кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.

Жедел іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Көлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды