Атыраудағы үйлердің бірінде қазандық жарылды – екі адам қаза тапты

Атырау облысының ТЖД
Үшінші зардап шеккен қыз әлі ауруханада жатыр.

Атырауда газ жарылысы салдарынан екі адамды күйік шалып, олар қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қайғылы оқиға 10 қарашада болды. Күйікпен 19 жастағы екі жігіт реанимацияға түскен", – деп жазды "Мой город".

Балауса ықшамауданының 24 көшесіндегі тұрғын үйде табиғи газбен жылыту қазандығында жарылыс орын алып, 120 шаршы метрді өрт шарпыды.

15 қарашада Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі адамның II – III дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Денесінің 85-90 %-ын күйік алған бір науқас 14 қарашада реанимация бөлімінде қайтыс болды. Ал екіншісі 90-95 % күйікпен 15 қарашада өмірден өтті, – деді ведомстводан.

Үшінші зардап шеккен қыз әлі ауруханада жатыр.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады