Мысырға ұшып шыққан лайнер Ақтауға қонуға мәжбүр болды

pixabay.com
Борттағы жолаушылардың бірі ішімдікті мөлшерден тыс тұтынып, тәртіп бұзғаны үшін ұшақтың қонуына тура келді.

Нұр-Сұлтан – Шарм-эль-Шейх бағытындағы әуе рейсі Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Борттағы жолаушылардың бірі ішімдікті мөлшерден тыс тұтынып, тәртіп бұзғаны үшін ұшақтың қонуына тура келді. 59 жастағы әйел әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзды.

Жолаушы әйел өзін агрессивті ұстап, бортсеріктердің ескертулеріне құлақ аспады, - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Қобландиннің айтуынша, Ақтауда әуе кемесі командирінің актісі бойынша азаматша Желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылған.

Көлік полицейлері әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, "Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде болу" және 566-бабының 1-бөлігі , "Әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды, - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 40 мыңнан астам азаматты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер тұтынған және қоғамдық орындарға мас күйде болғаны үшін 3784 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек