Алматыда халықаралық іздеуде жүрген екі ер адам ұсталды

Zakon.kz
Құзырлы ведомство ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын атап өтті.

Қызылордалық тәртіп сақшылары халықаралық іздеуде жүрген екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қызылорда облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жұмысының нәтижесінде 13 қараша күні тамыздан бастап халықаралық іздеуде болған екі адам ұсталды. Олар ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі және 2-бабының 7,9-тармағы, "Атыс қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық" және ҚР ҚК 99-бабы, "Бұзақылық ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған кісі өлтіруге оқталу" бойынша айыпталып, жасырынып жүрген,- деді Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомство ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын атап өтті.

Жедел уәкілдер күдіктілерді Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жалға алынған пәтерде ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды