ШҚО-да аю атып алған браконьер ұсталды

pixabay.com
20 қазаннан 19 қарашаға дейін ШҚО аумағында "Браконьер" Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

ШҚО-да аю атып алған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғыны 6 қарашада аюды атқаны үшін ұсталды. Ол өз атына тіркелген мылтықты қолданған екен. Етті өз тұтынысы мақсатында алған. Одан бөлек сирақтарын да алған, бәлкім оны кейін сатып жібермекші болған.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 337-бабы, "Заңсыз аң аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр. Осы баптың санкциясына сәйкес, ол үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

20 қазаннан 19 қарашаға дейін ШҚО аумағында "Браконьер" Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 360-тан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, оның барысында 605 табиғат қорғау заңнамасын бұзу, оның ішінде 394 аң аулау ережелерін бұзу анықталды. Сонымен қатар, 10 браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз