Ақмола облысында пәтерде газ баллоны жарылды, қаза тапқандар бар

ҚР ТЖМ
Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды.

Ақмола облысында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 қарашада Ақмола облысының Шортанды кентінде Линейная көшесінде газ баллонының жарылуы орын алды, деді жазды ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

ҚР ТЖМ дерегінше, Шортанды кентінің №18 кезекші қызметіне хабарлама полиция бөлімінің кезекші бөлімінен 21:38-де келіп түсті.

Оқиға орнына келгеннен кейін пәтерде өрт шыққаны, өрттен шатыры құлағаны анықталды. Өрт аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Өрт 22:35-тен бастап сөндіріліп, 23:55-те ауыздықталды. Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды. Түрлі жарақаттармен 10 адам аудандық орталық ауруханаға жатқызылды,- деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ТЖБ күштерінің 35 қызметкері мен жеті техникасы, сондай-ақ "Жер Ана" ЖШС МЕӨҚҚ төрт қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.

Өрттің мән-жайы мен себептері анықталуда, деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды