Алтын әшекейлер салынған сөмкені ұрлаған әйел ұсталды

pixabay
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Түркістан облысында полиция бөлімшесіне әйел жүгінді. Ол базарда ақша мен алтын әшекейлері салынған сөмкесін біреулер ұрлап кеткенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, күндіз базарлардың бірінде сөмкесінде 10 мың теңге мен құны екі миллион теңгедей болатын алтын бұйымдарын жоғалтқан. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеген. Қылмысты ашу және күдіктілерді ұстау мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жан-жақты іздестіру шараларын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Түркістан облысы ПД

Қабылданған жедел іс-шаралар нәтижесінде бір тәулік ішінде күдікті анықталды.

Сарыағаш АПБ қызметкерлері Созақ ауданында күдікті әйелді ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, әйел сөмкесін қараусыз қалдырған кезде ұрлық жасалған. Ұрланған заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Түркістан облысы ПД

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты