Қарағандылықтарды сазға отырғызған алаяқ Ресейде құрықталды

Сурет: Zakon.kz
Пысықай сері қарағандылықтарды 263 млн теңгеге алдап соққан

Қазақстандықтарды 263 млн теңгеге алдап кеткен жалған банк басшысы Петерборда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды полициясына 2019 жылы алданған азаматтардан арыз түскен. Зерттеу барысында белгілі болғандай, алаяқ өзін банк басшысы ретінде таныстырып, инвестициялық бағдарламаға салым салу үшін ақшаны жымқырған.

Ол салымшыларға салынған соманың 1% түріндегі дивидендті күнделікті төлеп тұруға уәде берді.

"Инвесторлар" жинаған ақшаларын алаяқтың қолына өздері ұстатқан, сол үшін орнына кепілдік хаттар алған. Бастапқыда пысықай жігіт кейбірінің күнделікті берешегін төлеп тұрады, кейіннен хабар-ошарсыз кетеді.

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың мөлшері 263 млн теңге.

Аталған факті негізінде полицейлер ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғайды. 31 жастағы күдікті сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен.

Көп ұазамай ол Санкт-Петербург аумағында құрықталды. Қазір Ленинград облысының изоляторларының бірінде қамауда отыр. Алаяқты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде. Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз