Жасөспірім Степногорск тұрғынының атынан екі онлайн-несие рәсімдеді

Сурет: pixabay
Ол барлығы 1,5 миллиондай несие рәсімдеген

16 жастағы жасөспірім Степногорск тұрғынының атынан екі онлайн-несие рәсімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Ер адам алаяқтық туралы хабарлады.

Осы жылдың 22 қазанында 16 жастағы бұрынғы танысы өтініш берушінің телефонындағы банк қосымшасына еркін кіріп, оның атына онлайн несие рәсімдеп, бүкіл соманы өзінің банктік картасына аударғаны анықталды. Шығын сомасы –1 млн 278 мың теңге.

Екі аптадан кейін кәмелетке толмаған бала өтініш берушінің атынан басқа банктен тағы 200 мың теңге сомасында онлайн-несие рәсімдеді.

Мойындау айғақтары бар. Бұл факт 190-баптың 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды