Өскеменде көшеде ішкен екеу пышақтасып тынды

Сурет: pixabay
Пышақтан қатты жарақаттанған облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны қалалық ауруханаға шұғыл жеткізілді

Оқиға қараша айының ортасында болған. Өскемен қалалық ПБ-ға көпірлердің бірінің астында белгісіз ер адам жатқаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны қалалық ауруханаға шұғыл жеткізіліп, оған "кеудесінің екі тұсында терең жара, оң жақ кеудесінде де терең жара» деген диагноз қойылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері зардап шегушінің 48 жастағы танысы болып шыққан күдіктіні ізін суытпай ұстады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Көшеде ащы судан бірге алған екеу сөзге келіп, оның арты төбелеске ұласты. Сол кезде бірі пышақ алып шыққан. ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл бап сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі