БҚО да көз жұмған инспектордың өліміне қатысты полиция түсінік берді

Сурет: Facebook/Серик Маженов
Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысында аң аулау кезінде БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Мәженов көз жұмды. Полициядағылар оқиғаның егжей-тегжейін баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, 14 желтоқсанда сағат 7: 30-да Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 15 шақырымдағы Бударин қорығында үш ер адам аң аулап жүрген.

44 жастағы ер адам қаруды қайта оқтау кезінде абайсызда оқ атылып, ол 1977 жылғы ер адамға тиген. Олар зардап шегушіні өз беттерімен Ақжайық кентіндегі ауруханаға жеткізді. Аталған факті бірыңғай тізілімге тіркеліп, ҚР ҚК 104-бабы, "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. БҚО полициясы

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Экология министрлігі Серік Мәженовтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған