Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жасаған әйелді анықтады

Сурет: pixabay
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полицейлері алаяқтық жасады деп күдікке ілінген әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тәртіп сақшыларына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел өзін WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша 10 күн ішінде ақшаңды 100% көбейтіп беремін деп алдағанын айтқан.

Яғни күдікті салған ақшаң еселеп қайтарылады деп сендіріп, одан 500 000 теңге алған. Алайда арада біраз уақыт өткен соң телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын бірден полицейлердің көмегіне жүгініпті.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Аталған жайт бойынша полицейлер ҚК 190-бабы «Алаяқтық» қылмыстық құқық бұзушылығы деп іс тіркеді. Түркістан облысы ПБ баспасөз қызметі

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, Алматы қаласында жүрген жерінен ұстады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер ел тұрғындарын алаяқтардың қармағына түсіп қалмауға шақырады.

Түркістан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді