Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қатты боранға байланысты Үшарал — Достық автожолы уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz
17 желтоқсан күні сағат 11:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) республикалық маңызы бар Үшарал — Достық автожолында (84-184 км, Көктұма ауылы — Достық ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарынан бас тартуды және "112" қызметі жіберетін SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде құтқарушылар ауа райы болжамымен танысуға және төтенше жағдайларда қажетті барлық заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды