Алматыда жол апатынан бүтін бір отбасы зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Апат Құлжа трактісінде жаңа жолайрығының жанында болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Kia Rio көлігін жүргізуші Алматы қаласынан облысқа қарай жол тартқан. Оның айтуынша, көлік жолайрығынан түсе бергенде, рөл оңға қарай тартқан.

Жүргізуші рөлді сол жаққа қарай бұрмақ болғанымен, көлікті тізгіндей алмай, қарсы қозғалыс жолағына ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Көлік кептелісте тұрған Mitsubishi Chariot минивэнінің үстіне түскен, оның ішінде бүтін бір отбасы болған. Күйеуі, әйелі және екі кішкентай баласы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Kia жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді