Алматы облысында төтеншеліктер жеңіл көлікті қар құрсауынан аман-есен алып шықты

Сурет: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Үшарал – Достық тас жолының 92 шақырымында жеңіл көлік қар құрсауында қалып кетті. Оған төтеншеліктер көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық ТЖД мәліметінше, жедел-құтқару жасағының үш құтқарушысы дереу шақырту орнына аттанды.

Қар құрсауында қалып кеткен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп жеткізілді. Жүргізушісі медициналық көмекке мұқтаж болмай шықты. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомстводағылар жолдың бұл учаскесі ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, айналаның шектеулі көрінуі) 22 желтоқсанда барлық автокөлік түрлері үшін жабылғанын еске салды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен алдын ала танысып, төтенше жағдайларда өзіңізге қажетті барлық заттарды бірге алып жүруіңіз қажет.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі