Талғар ауданының полицейлері адам өміріне қауіп төндірген күдіктіні ұстады

Сурет: instagram.com/police_almobl
Қазір 37 жастағы күдіктіге қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

20 желтоқсан күні Талғар ауданының Полиция басқармасына жергілікті ауруханадан 34 жастағы азаматтың бірнеше дене жарақатымен ауруханаға түскендігі туралы мәлімет келіп түскен.

Қылмыстық істің мән-жайын анықтау барысында 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Қылмыс орны мен күдікті азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде оның қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар табылды. Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, қылмыс құралы ретінде ас үй пышағы тәркіленіп, айғақзат ретінде іс материалдарына тіркелді. Талғар АПБ бастығы полиция полковнигі Джамбулат Зиадин

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Алдын ала тергеу барысында күдікті мен зардап шегуші өзара таныс екені және қылмыс орын алған күні екеуі қосылып, ішімдік ішкені белгілі болды. Куәгерлердің жауабынан таныстар арасындағы сөзге келіспеушіліктің соңы ауыр қылмысқа әкеліп соққаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді