Көкшетауда "кішкентай қашқын" табылды

Сурет: pixabay
Кеше ауруханадан қашып кеткен 12 жасар баланы Көкшетау қалалық полициясы тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бала 22 желтоқсан күні сағат 12:00 шамасында Көкшетау қаласындағы медициналық диспансер ғимаратында анасымен бірге қабылдауда болғанда қашып кеткен.

Оны жоғалып кеткеннен кейін жеті сағат өткен соң Көкшетау қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жанат Шәріпов тапты.  

Ол баланы ата-анасына тапсырды. Анасымен ұрсысып қалған бала қашып кеткен. Жеткіншек "Бурабай" спорт кешенінің жанындағы аялдамадан табылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімді ​​іздеуге 150-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылған, оның ішінде 11 криминалдық полиция қызметкері, ювеналды полиция тобының 23 қызметкері, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының жеке құрамы бар.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті