Алматы – Қорғас тас жолында 17 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында Алматы – Қорғас тас жолында жаппай жол апаты орын алып, 17 көлік зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқыс оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-да жарияланды.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне хабарласты.

25 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында Алматы – Қорғас автожолының 134 шақырымында ауа райының қолайсыздығынан, атап айтқанда, қалың тұман салдарынан 17 автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Жол апатынан зардап шеккен бес адам Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында патрульдік полиция жасақтары жұмыс істеп жатыр. Тас жолдың 84-тен 136 шақырымға дейінгі аралығы көліктер үшін жабық. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство жүргізушілерге ескерту жасады.

Құрметті жүргізушілер, сіздерден қозғалыс кезінде барынша мұқият әрі сақ болуларыңызды сұраймыз! Жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауды еске саламыз!

Талдықорған
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы