Өмірді жалмаған селфи - ҚТЖ мәлімдеме жасады

Zakon.kz/Павел Михеев
ҚТЖ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болуын сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz

Құзырлы мекеме теміржолда балалардың қатысуымен қайғылы жағдайлар жиілеп кеткенін еске салды, соңғы үш күнде екі жасөспірім қайтыс болды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Тараз станциясында пойыз вагонында селфи жасау әрекеті кезінде 15 жастағы жасөспірім түйіспелі сымдағы тоқтан қаза тапты.

Оқи отырыңыз: Таразда жасөспірім пойыздың үстіне шығып, мерт болды

Осыған ұқсас оқиға бүгін, ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Алматы станциясындағы қабылдау-жөнелту паркінде орын алды. Селфи жасаған екі жасөспірім жоғары кернеулі тоқ разрядын алды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болуды және өз өмірлеріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Теміржол көлігі – жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды қажет ететін қауіпті аймақ. Жаяу жүргіншілер көпірлерін, төсемдерді пайдалана отырып, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіп барып, белгіленген орындардан темір жолдарын кесіп өту қажет. Теміржолдарда, пойыз вагондарында фото және бейне түсірмеңіз. Жоғары кернеулі сымдардың жанында, перрондарда, сүріну оңай қауіпті жерлерде суретке түсуге қатаң тыйым салынады. Ешқандай да керемет кадр денсаулығыңызға немесе өміріңізге татымайды. «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді