Алматыда полиция капитаны асылмақ болған ер адамды құтқарды

ЖӘАЖ сарбазы Алматы қаласы Әуезов ауданында түнгі он екі шамасында өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мен №14 модульдік бекетте қызметте едім. Бір кезде ағаштардың арасынан бір адамды байқадым. Жүрісі күдік тудырды. Жақындаған кезімде оның асылып қалғанын байқадым. Мен жүгіріп барып, оның аяғынан ұстап, жоғары көтеріп, сымды босатып, адамды түсірдім. Ол есінен танып қалды. Өмір сүру белгілері байқалмады. Сосын мен оның аяғынан ұстап, дем алғанша жоғары қарай көтере бастадым. Бірнеше секундтан кейін ер адам терең дем шығарды. Осы кезде "жедел жәрдем" келді.Жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы, полиция капитаны Санат Шөнеков

Кейін асылмақ болған 1984 жылғы С. есімді азамат екені белгілі болды. Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп жоқ.

Ер адамның неліктен мұндай шарасыз әрекетке баруға шешім қабылдағанын тексеру жұмыстары кезінде анықтаймыз. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді.Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілхайыр
Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: