Алматыда бір балаға топ бала жабылған балабақша тәрбиешілері жұмыстан қуылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы білім басқармасының хабарлауынша, балабақшадағы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілді. Зардап шеккен балаға психологиялық қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлеуметтік желіде балабақшадағы баланың қатарластарынан таяқ жеген видеосы жарияланды. Оқыс оқиға 24 желтоқсан күні Әуезов ауданының №58 балабақшасында орын алған.

Видеода көрініп тұрғандай, бір топ бала бір баланы итеріп, ұрып жүр. Видео авторлары бұлайша балаларды "арандату" тәрбиеші тарапынан жол берілген деп топшылайды.

Zakon.kz редакциясы осы жайтқа байланысты түсініктеме алу үшін Алматы қалалық білім басқармасына хабарласты. Басқарманың хабарлауынша, топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі қызметінен босатылған.

Әуезов ауданының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен білім бөлімінің басшысына қатысты қол астындағыларды бақылауды әлсіретіп алғаны үшін тәртіптік жазалар қолданылды. Алматы қаласының білім басқармасы

Зардап шеккен 2017 жылғы балаға ата-анасының келісімімен психологиялық қолдау көрсетілді. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Осы оқиғадан кейін барлық мектепке дейінгі ұйымдарда профилактикалық шаралар күшейтілгені де айтылады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды