Astana Opera-да жарылғыш зат іздестірілді

Мамандар Astana Opera театрында жарылғыш зат іздеді. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиға орнында түсірілген фотосуреттер мен бейнелер әлеуметтік желілерде жарияланды.

29 желтоқсан сағат 11:45-те елордалық театр әкімшілігіне қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсайтын зат табылғаны туралы хабарланған.

Көрермендер мен театр ұжымы ғимараттан эвакуацияланды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрылғыға сараптама жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Astana Opera баспасөз қызметі

Редакция түсініктеме алу үшін елордалық полиция департаментіне хабарласты.

29 желтоқсан күні сағат 11:25-те Astana Opera театрының қауіпсіздік қызметінің "102" пультіне ғимаратта 30 жастағы ер адамның сөмкесінен күдікті зат табылғаны жайлы қоңырау түсті. Ол жаққа арнайы қызмет жіберілді. Театрдағы адамдар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ.Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі

Ведомство аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: