Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкімге сәйкес, 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген айыпталушы алдағы 25 жылын түрмеде өткізеді.
Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша 11 жылға, ал 99-бап "Адам өлтіру" бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жалпы алғанда, айыпталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілерге келтірілген 26 млрд 358 млн теңге моральдық шығын ішінара өтелсін. Сотталған Төребековтен жәбірленушілердің пайдасына 20 млн теңге моральдық шығын өндірілсін.Іске төрағалық етуші судья Еркін Майшинов
19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда оның өлтірілгені анықталды. Полицейлер «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіп, аталған іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны ұсталды.
Көп ұзамай Аяжан Еділованың денесі бөлшектелген күйде табылғаны белгілі болды. Күдікті үйден қалдықтарды шығарып, қоқыс жәшіктеріне лақтырып үлгерген.