Павлодарлық тұрғынға алкоголь ішуге тыйым салынды

Сурет: pixabay
Павлодар облысында тұрғынға алкоголь ішуге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметі бойынша, павлодарлық полицейлер ата-анасының кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және бағып-күту бойынша міндеттерін орындамауы фактісін анықтады.

Полиция департаменттегілердің айтуынша, Шалдай ауылының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын тиісті түрде тәрбиелеумен айналыспайды, ішімдікке салынған. Оның мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда бірнеше рет қаралды, әйел профилактикалық сипаттағы әңгімелерге жауап қайтармайды.

Осыған байланысты полиция ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әйелді ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Материал сотта қаралды.Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция атап өткендей, сот қаулысымен әйел 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, кінәні жеңілдететін мән-жайларға байланысты әкімшілік айыппұл 30%-ға дейін қысқартылды. Сондай-ақ, әйелге қатысты үш ай мерзімге мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленген, атап айтқанда әйелге спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады және профилактикалық әңгімелесу үшін инспекторға келуі қажет.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды