Атырау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау облысында екі көлік соғылып, бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы бұл оқиғаның 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында орын алғанын жазды. Құлсары-Бейнеу тас жолының 15 шақырымында Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген ВАЗ-2115 автокөліктері соғылған.

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және көлікте болған үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы