1347 қару ұрланды – Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қылмыскерлерден қару-жарақтарды тәркілеу жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазірге дейін арнайы операция барысында 127 қару, әртүрлі калибрлі 2800 патрон, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы техника тәркіленген. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Лаңкестік топтар бір мезгілде 7 қару-жарақ дүкенін басып алып, ондағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденген.

Барлығы 1347 қару ұрланған, соның ішінде: 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматтық қару.

Қалада «102» жүйесі қалпына келтірілді, патрульдік нарядтар азаматтардың әр сигналын мұқият тексеріп, қоңырауларға жауап беріп жатыр.

Қалалық ДП басшысының айтуынша, Алматыда жағдай тұрақтанды, коммуналдық нысандардың жұмысы қалпына келтірілуде.

Мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытуды сұраймын, әсіресе антитеррорлық операциялар жүргізіліп жатқан аймақтарда сабырлық танытып, сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Арандатушылыққа бой алдырмай, барлық күдікті фактілер мен адамдарды полицияға хабарлаңыз, сол арқылы сіз қаламыздағы тәртіпті қалпына келтіруде құқық қорғау органдарына көмектесе аласыз.Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов
Қазақстан
Алматы
Таймерденов Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді