Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданындағы Согорное-Барлық тас жолының екі учаскесінде қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz

Катонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» автожолының 11-шақырымында ауа температурасының көтерілуі мен желдің қатты екпініне байланысты көлемі 30 текше метр, ал екінші учаскенің 14-ші шақырымында көлемі 150 текше метр болатын қар көшкіні түсті.

Оқиға орындарына жергілікті атқарушы органдардың техникасы дереу тартылды. Қар көшкіні ауданның тыныс-тіршілігіне әсер еткен жоқ, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.ТЖД

Жуырда «Қазселденқорғау» және ШҚО ТЖД мамандары 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін аймақтағы көшкін қаупі туралы хабарлады. Мамандар көшкін қаупі бар ошақтардан өту кезінде тұрғындарға аса мұқият болу керектігін айтты.

Айта кетсек, облыс аумағында көшкін қаупі бар 497 ошақ бар, олардың 336-сы құрылыстарға, автожолдарға және адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты