Ғимараттарды бұзуға және көшіруге уақытша тыйым салынды

Сурет: Pixabay
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, оның ішінде түрлі салалардағы тұрақтандыру жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспардың бір бағыты халықты және кәсіпкерлікті қолдауды қарастырады.

2022 жылдың 20 cәуіріне дейін үйлерді көшіруге, бұзуға байланысты атқарушылық әрекеттерге, салық және кедендік тексерулерді тоқтата тұру және кейінге қалдыру, кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі мен тәсілдерін қайта қарауға уақытша тыйым салуды жоспарлап отырмыз.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Министрдің айтуынша, жалпы жоспарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылымдар, әлеуметтік мәселелер, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, халық пен кәсіпкерлікті қолдау және ұйымдастыру-қаржылық мәселелер бойынша 51 іс-шара бар.

Ұсынылған жедел іс-шаралар жоспары мемлекет басшысының тапсырмасын бірнеше айда шешуге бағытталған. Жоспардың жүзеге асуы елдегі экономикалық жағдайдың жылдам қалпына келуіне және күнделікті өмірге оралуға көмектеседі.Әлібек Қуантыров
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды