Көлік апатынан 45 жастағы Mazda Cronos жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында жантәсілім етті.
BMW 5 маркалы көлік жүргізушісінің айтуынша, ол сол сәтте Құлжа тас жолымен шығыс бағытта келе жатқан, қар қатты жауып тұрған.
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің мәлімдеуінше, жол үстіндегі автомобильдер сағатына 60-70 км жылдамдықпен қозғалған. BMW жүргізушісі алдында келе жатқан Mazda-ның бір жақтан екінші жаққа ауысып қозғалғанын байқаған. Сол сәтте дөңгелегі тайып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол апаты болған.
Сурет: Zakon.kz
BMW жүргізушісінің болжауынша, қарама-қарсы бағытпен келе жатқан КАМАЗ-ға соғылмау үшін Mazda жүргізушісі жолдан шығуға тырысқан. Салдарынан BMW жүргізушісі КАМАЗ мен Мазданың ортасында қалып қойған.
Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Камаз жүргізушісі зардап шегіп, оны ауруханаға жатқызды. Mazda жүргізушісі апат орнында қайтыс болды. Жолаушысы ауруханаға барар жолда көз жұмды.
BMW жүргізушісі өзге жүргізушілер оқиғаға бейжай қарамай, қол ұшын бергенін айтты.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz