Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Сурет: pixabay
Жетісай полицейлері өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Жетісай аудандық ПБ кезекші бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, ол 2021 жылдың қазан айында өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырған танысына алданып қалған. Ол жәбірленушінің әйелі екеуіне мемлекеттен қайтарымсыз көмек алуды ұсынған.

Бұған өзінің кепіл болатынына сендірген. Ол үшін алдын ала 570 мың теңге ақша керек екенін және бұл соманы қайтарымсыз мемлекеттік қаржыдан екі есе қылып алып беретінін айтып, уәде берген.

Алайда танысы ақшаны алғаннан кейін уәдесін де орындамай, ақшасын да қайтармай әбігерге салған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінінің жүрген жерін анықтады. Оны тауып, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Жетісай ауданының полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, күдікті жас жігіт бұрынғы мемлекеттік қызметкер болып шықты.

Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған қоса, оның тағы қандай алаяқтық жайтына қатысы бары тексерілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты