Түркістан облысында өрт салдарынан мыңнан астам қой қырылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өрт салдарынан 150 тонна шөп жанып кетті. Сонымен қатар, оқиға орнынан қойшының денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 101 пультіне таңғы сағат 7.15-те Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында, екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Қазірг уақытта көлемі анықталуда.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Тілсіз жауды ауыздықтауға Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты